Индиялық әріптестер ОҚМФА-да!

20 Мамыр 2017, 3:16 pm
24 рет оқылды

2017 жылдың 19-20 мамыр күндері Раджастанның Джайпур қаласынан Савай адам медицинасы колледжі профессоры, доктор Дхираж Саксена және молекулалық биология бөлімінің стажері, доктор Атул Миттал ОҚМФА-ның морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасына келді. 

1006 1

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын ағылшын тілді  топтарындағы студенттерге келесі тақырыптарға арналған дәрістер оқылды:

1. «Жалпы миология»;

2. «Нерв жүйесі туралы түсінік»; 

3. «Сүйектердің қосылыстары туралы түсінік».

1006 2

Дәрістер аса қызығушылықпен тыңдалды, анатомия және гистология бойынша қосымша сұрақтар қойылып, тақырыптар қызу талқыланды. Индиялық қонақтар кафедрадағы анатомиялық блок және морфологиялық зертхана жұмысымен, мұражаймен танысты. Кездесудің қорытындысында әрі қарайда бірлесе отырып, медициналық кадрларды даярлау үшін жұмыс жүргізуге келісілді.

 

Кафедра меңгерушісі:                   м.ғ.к,. доцент Л.Д.Жолымбекова

 

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар