«Ұлттық медициналық ассоциация»

25 Мамыр 2017, 3:04 pm
63 рет оқылды

ОҚМФА-ның фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының профессоры Орманов Н.Ж. 2017 жылдың мамыр айының 16-18 күндері Алматы қаласында Ұлттық Медициналық Ассоциациясының VIII Бас Ассамблеясы шегінде өткен, «Дені сау ұрпақ ˗ дені сау болашақ» тақырыбына арналған халықаралық конференциясына белсенді қатысты.

Күн тәртібінде:

1. Медициналық ассоциациялар арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі өзін-өзі реттеу.

2. Қазақстан Республикасында медициналық ассоциациялар Форумын құру туралы.

3. Медицина қызметкерлерінің кәсіби тәуекелдерін сақтандыру туралы.

4. Қазақстан Республикасы дәрігерінің Этикалық Кодексі жобасын қарау және бекіту.

2015 жылдың ҰМА Ресей Федерациясының Федералды медиация институтымен бірлесіп жұмыс жасау туралы меморандумына қол қойылды және денсаулық сақтау облысында медиаторлар үшін халықаралық семинар өткізілді.

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау ісінің Ұлттық палатасының жетекшісі, педиатр Л.М. Рошаль басқаратын, Денсаулық сақтау ісі бойынша Халықаралық қоғамдық координациялық комитет шеңберінде, ҰМҚ халықаралық марапаттар – «AVE VITAE» ордені және «Золотой скальпель» туралы Ереже бекітілді, олардың үлгілері дайындауға жіберілді.

Алғаш рет олар, 2017 жылдың мамырында Бас Ассамблеясының кезекті отырысында тапсырылды.

1005 1

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар