«Денсаулық сақтау саласындағы жоғары кәсіби тілдік құзыреттіліктері» тақырыбындағы студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы

22 Мамыр 2017, 2:45 pm
17 рет оқылды

1004 1

2017 жылдың 19 мамырында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Денсаулық сақтау саласындағы жоғары кәсіби тілдік құзыреттіліктері» тақырыбында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Тілдерді дамыту мақсатында аталған тақырыптағы конференциялар  жыл сайын өткізіледі. 

1004 2

Студенттердің дайындаған ғылыми баяндамалары олардың тілдерді меңгерудегі білімдері мен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конференция қонақтары мен қатысушыларының назарына тіл мәдениеті мен этикасы, медициналық терминология, медицина саласында қолданылатын метафоралар, фармацевтикалық өндірістегі көптілділіктің маңызы туралы қызықты ақпараттар ұсынылды. 

1004 3

Жалпы, осы конференция сыңайлы іс-шаралар студент жастардың ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарын алға жетелейді және дүниетанымдылығын жетілдіреді. 

Өткізілген студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға  қатысушылар сертификаттарға ие болды.

 

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар