«Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері» атты семинар – тренинг

25 Мамыр 2017, 2:08 pm
20 рет оқылды

2017 жылдың 23 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика  академиясы  қазақ, орыс және  латын тілдері кафедрасы оқытушылары мен  Шымкент қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  «Тілді екінші немесе шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері» тақырыбында облыстық деңгейдегі семинар – тренинг өткізілді

1003 1

1003 2

Семинар –тренингке Түркістан, Түлкібас, Төле би,  Сайрам, Мақтарал, Отырар, Ордабасы, Созақ, Сарыағаш, Кентау, Арыс қаласы, Түркістан қаласы, Қазығұрт ауданы сонымен қатар Шымкент қалалық «Өрлеу БАҰО АҚ ОҚО» оқыту орталығының мамандары қатысты. Талқылау барысында мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелері сөз болды. Семинар-тренингте Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі мұғалімі М.А. Болат «КАЗТЕСТ жүйесі бөліктері бойынша оқытудың тиімді әдістері»; «Өрлеу» БАҰО АҚ ОҚО  Бойынша ПКБАИ, «Басқару және білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты М.А. Медетбекова «Ұлттық рухты ұлықтайтын тілдік дағдыны қалыптастыру-ұрпақ келешегі»; ОҚМФА қазақ тілі мен латын тілі курсының меңгерушісі Е.Қ Сәлім «Жоғары оқу орындарында  тілді екінші тіл ретінде оқытудың мәселелері»; Қазақ, орыс жане латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.Н. Қасымбекова «Тілдерді оқыту барысындағы көптілділік мәселелері»; Тұлғаны дамыту орталығының директоры және жетекші маманы Коуч, тренер Г.Б. Битанова «Табыс психологиясы» тақырыптарда баяндамалар оқылып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттары өткізді. 

1003 3

Белсенді қатысқан  қызметкерлерге алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар