Қос мереке құтты болсын!

11 Мамыр 2017, 11:58 am
203 рет оқылды

995 1

2017 жылдың 5 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Биылғы жылы еліміз ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдық мерей тойын тойлап жатса, Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 72 жыл толып отыр.  Қос мерекені атап өту үшін академия ұжымы, ер азаматтар қауымы және Чернобыль, тәжік-ауған соғысының ардагерлері жиылды. ОҚМФА халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі проректор Ахметова Алма Абдукаримқызы салтанатты іс-шараны ашып, ардагерлерімізді алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

995 2

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, қаһарман бабаларымыз бен батыр қыздарымыздың бастан кешкен оқиғалары туралы сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар, ҚР Қарулы күштеріне, Ұлы Отан соғысы мен батырлар жайында әндер айтылып, бейне баяндар көрсетілді.

995 3

995 4

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар