ОҚМФА ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖООЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РЕЙТІНГІСІНДЕ ЕКІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

5 Мамыр 2017, 6:31 pm
81 рет оқылды

2016 жылға ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамытудың Республикалық орталығы» РМК адами ресурстар және ғылымды дамыту Орталығы даярлаған ғылыми және инновациялық қызмет бойынша ұйымдар және  медициналық жоолардың  ғылыми нәтижелерінің рейтінгілік бағасының нәтижелері жарияланды.

994 2

Қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмысының көрсеткіші бойынша Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы тек Қарағанды мемлекеттік медуниверситетін алға жіберіп екінші орынды иеленді. По показателям научно-исследовательской работы сотрудников Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия заняла второе место, пропустив вперед лишь Карагандинский госмедуниверситет. Позади остались «Астана Медициналық университеті» АҚ, «Семей мемлекеттік медуниверситет» АҚ,М. Оспанов атындағы  БҚММУ,.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.

Дәрежеленуде 7 медициналық ЖОО, 20 ҒЗИ және клиникалық бейіндегі ғылыми орталықтар, 6 ҒЗИ және клиникалық емес бейіндегі ғылыми орталықтар қатысты. Нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштері болып табылатындар: ғылыми ақпараттың беделді базасында индексацияланатын халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдардағы басылымдар саны, соңғы 5 жылда ғылыми жұмыстардың цитата келтірілуі, алған патенттер және басқа қорғау құжаттар саны, ғылыми әзірленімдер саны. Оларға сондай-ақ жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер көлемін, денсаулық сақтау жүйесіне жаңа білім мен технологиялардың коммерциализация, ғылыми әзірленімдер және инновация мен трансляция деңгейін, ұйым қызметкерлері мен білімгерлерінің халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысу деңгейі жатқызуға болады. 

Рейтингілік бағалауда Қазақстанның 33 медұйымы қатысты. 

Денсаулық сақтау ұйымдары мен жоолардағы медициналық білімі Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған денсаулықты сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру негізінде жұмыс жасайды. Бұл салада 11 мың ғылыми қызметкерлер, оның ішінде 580 ғылым докторлары, 1607 ғылым кандидаттары, 81 доктор PhD, 863 магистр еңбектенеді.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар