Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясына 35 жыл!

35-mini-kz

 

       Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – бүгінгі күнге Қазақстанның фармацевтика нарығы мен саласын фармацевтика мамандармен қамтамасыз етіп отырған жалғыз жоғарғы оқу орыны. 

       35 жыл, бұл жылды аса құрметпен атап өтуіміздің себебі де ерекше. Бүгінгі күнге дейін академия, оның алғаш кірпіші қаланғалы бері жалпы саны 5 мыңға жуық провизор және фармацевтика мамандарын дайындады.  

Академия қабырғасын өз ісінің нағыз шеберлері бітіріп шықты: фармацевтика өндірісінің инженер-технологтары, фармацевт-аналитиктер, фармация және медицина менеджерлері, түрлі фармацевтикалық компаниялармен фирмалардың басшылары.

       Оқу процесі кезінде студент жастарымызбен бөлісетін және оларға көрсететін ерекше диагностикалық құрылғы, токсинді анықтайтын заманауи аппараттарымыз бар. Фармацевтика саласын жан-жақты зерттеп, зерделеп сөзбен емес іспен көрсетеміз.

       Молекулярлық биология, фармакогнозия, фармацевтикалық және токсикологиялық химия, дәрі-дәрмектер технологиясы және фармацевтикалық жұмысты жүргізу істері бойынша және ғылыми ізденістер мен ғылыми жұмыстар жасау кезінде жастарымыздың санасына білім құятын алдыңғы қатарлы, білімді, озық ойлы Профессорлық ұстаздар құрамы да бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар