Біз туралы

 

 

founders

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (бұрынғы ОҚММА) бүгінгі таңда фармацевтика саласындағы мамандарды дайындайтын жетекші мемлекеттік жоғары оқу орны болып табылады. Академия 2006 жылдың маусымында халықаралық «National Quality Assurance Limited” (NQA) компаниясы тарапынан сертификаттау аудитінен өтті. Соның нәтижесінде ISO 9001:2001 стандартына сәйкестігі жөніндегі №21235 халықаралық сапа сертификатын алды. 2009, 2012, 2015 жылдары ОҚМФА ИСО 9001-2008 халықаралық стандартына сай қайта сертификаттау аудитінен де сәтті өтіп, сапаға сай екенін дәлелдеді.

ҚР мемлекеттік қаражаты есебінен ОҚМФА 2011жылы ғылыми-ғылыми техникалық қызмет конкурсына қатысуға арналған ғылым бойынша акредиттеуден өтті, куәлік сериясы  МК  №001797, 2011ж. 22 тамыз аккредиттеу туралы.

Академия 2013 жылы күзде БСҚТҚА-нен институционалдық аккредитациядан сәтті өтіп, 06.01.2014 ж бекітілген, тіркеу нөмірі IA №0024 куәлігін алды.

Қазіргі кезде ОҚМФА-да фармацевтикалық және медициналық профиль бойынша бакалавриат, магистратура және резидентура деңгейіндегі жоғары білімді мамандар дайындалады. Сонымен қатар интернатурада білім беру жүргізіледі. Жоғары оқу орнындағы Техникалық және кәсіби білім беру факультетінде фармация мен медицина саласының орта кәсіби білімді мамандары дайындалады.

 

 

 

ОҚМФА миссиясы

Заманауи ғылым мен тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып, құзыреттілігін үздіксіз көтеру мен шығармашылық ынтасын дамыту арқылы фармацевтика және медицина салаларында жылдам өзгеретін кез-келген жағдайларға тез үйренетін фармацевтикалық және медициналық саладағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды Оңтүстік аймақ пен бүкіл Республика үшін дайындау.

 

 

 

agmi small

АММИ ШФ

АММИ Шымкент филиалы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №247 03.07.1979ж қаулысымен, Алматы мемлекеттік медицина институты филилалының Шымкент қаласындағы құрылымдық бөлімшесі болып 1979 жылы құрылған және фармацевтикалық факультетке алғашқы студенттерді қабылдау жүзеге асырылды. 1981 жылы АММИ ШФ базасында Қазақстан фармацевттерінің ІІ сьезді өтті.

  

 

 

ШМФИ

1991 жылы АММИ Шымкент филиалы Қазақ ССР  Министрлер Кеңесінің  29 .10.1990 ж №429 қаулысымен Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты (ШМФИ)-дербес ЖОО болып өзгертілді. 1992 жылдың қыркүйек айында «Педиатрия» және «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша оқуға алғашқы студенттерді қабылдау жүзеге асырылды. 1992 жылы ШМФИ-да фармацевтикалық және жалпы медициналық екі дербес мамандық құрылды.

  

ШММИ 

Оңтүстік өңірінде ШМФИ фармацевтикалық және дәрігерлік мамандарды даярлауда рөлі маңызды екенін мойындап 14.07.1994ж №778 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы негізінде Шымкент мемлекеттік медициналық институты (ШММИ) болып өзгертілді.

 

 

ukgma

ОҚММА 

1997 жылы 25 ақпанда ШММИ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясы болып қайта өзгертілді (ОҚММА). 1997 жылы қыркүйек айында жалпы медициналық факультет: емдеу ісі және педиатрлық болып екіге бөлінді. 1999жылдан ОҚММА базасында Оңтүстік өңірдің үш облысының фармацевтері мен тәжірибелік дәрігерлері үшін біліктілікті көтеру факультеті және интернатура ашылды. 2002 жылы 6 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлау факультеті ашылды. 2006 жылы ОҚММА-да 9001-2001 халықаралық стандарт талабына сәйкес СМЖ табысты енгізілді. 

 

 

 

ukgfa smallОҚМФА

№1037 08.07.2009ж ҚР Үкіметі Қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы болып қайта құрылды. 2011 жылы ОҚМФА ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтер субъект сапасына аккредитация жөнінде Куәлік алды. 2010-2011 жылдары ЖОО –ны көптеген халықаралық және республикалық марапаттарға ие болды, соның ішінде «Европейский грант» Халықаралық Құрмет грамотасы, «...» Құрмет дипломы, «Нұр Отан» халықтық-демократикалық партиясынан «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» дипломы және т.б. 2012 жылы дәрілік өсімдіктерді фитохимиялық және фармакогнозиялық зерделеу мен геномдық зерттеу бойынша зертханалары және оқу стомотологиялық клиника ашылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар